Коронавирус және пневмония деректерін біріктіруге екі апта уақыт кетті - ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросы жүргізген техникалық консультацияларды ескере отырып, аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. Осылайша, 1 тамыздан бастап COVID-19-дың зертханалық расталған жағдайлары ПТР тесті теріс нәтижелі болса да, COVID-19-дың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктірілді. "ДДСҰ бұл туралы 18 шілдеде хабарлады. Ал Қазақстан неге 1 тамыздан бастап қана біріктіреді?" деген сұрақтар болды. Оған себеп біреу – бізге науқастарды тіркеудің шынайы тізімін әзірлеу үшін кем дегенде екі апта қажет болды. Бұл бағыттағы ақпараттық жүйені реттеу керек. Республика бойынша медицина персоналын мәліметтерді дұрыс енгізуге үйрету керек болды. Бұл - күрделі әрі ауқымды процесс, - деді Цой.Министр коронавирустық инфекция кодтау алгоритміне сәйкес анықталатынын айтты.
Коронавирустық инфекцияны кодтау алгоритміне сәйкес, біз қазір расталған жағдайлар бойынша U07.1 кодын және расталмаған немесе ықтимал жағдайлар үшін U07.2 кодын қолданамыз. Бұл дегеніміз, бірінші және екінші коды бар науқастар COVID-19 індетін жұқтырғанын білдіреді. Бірінші код анықтамасы түсінікті. Ал U07.2 коды болған жағдайда коронавирустық инфекция эпидемиологиялық белгілері бойынша диагноз қойылуы керек. Жоғары температура, құрғақ жөтел, интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері сияқты клиникалық белгілерге сәйкес болуы қажет, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы