Коронавирус: Өзбекстанда бір адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының санитарлық-эпидемиолиялық саулық агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметіне қарағанда COVID-19 індеті елге Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан анықталды. Қазіргі кезде науқас оқшауланып, сырқаттың өзге адамдарға таралып кетпеуі үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
15 наурыз күні таңғы сағат 6.00-де Республикалық вирусология институтында Өзбекстан азаматы COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ол Францияда болып келген. Қазір вирустың жаппай тарамауының алдын алу үшін эпидемиологиялық зерттеулер мен профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Толығырақ ақпарат тағы жарияланады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде президент сайлауы туралы заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы