Коронавирус. Өзбекстанда алғашқы кісі өлімі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз күні таңертең Өзбекстан Республикасының Наманган облысында коронавируспен ауырған науқас қайтыс болды. 

Өлімнің себебі миокард инфаркі болды, - деп хабарлайды Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған әйел 72 жаста болған. Ол ұзақ уақыт диабетпен, созылмалы жедел жүрек жеткіліксіздігі және басқа да аурулармен емделген. 26 наурызда ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Сол күні арнайы зертханалық зерттеулерден кейін оған коронавирустық инфекция диагнозы қойылды.

Болжам бойынша, науқасқа өзінің қызынан COVID-19 вирусын жұқтырған, ол Түркиядан 12 наурызда оралған, содан кейін оған коронавирус диагнозы қойылып, карантинге жіберілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы