Коронавирус. Қызылордада бір сәтте 12 науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 жағдай Қызылорда облысында тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Қазақстан бойынша барлығы 697 жағдай.

Қазіргі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында - 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 66 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 697 науқас тіркелген.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 51-ге жетті. Қайтыс болғандар саны - 6 адам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы