Коронавирус. Қырғызстанда адам өлімі туралы ақпарат таратқандар жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қырғызстанда екі азаматтың көз жұмғаны жөніндегі ақпарат 25 наурыз күні The Asia Times сайтында жарияланған.
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) COVID-19 вирусынан екі қырғызстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы жалған ақпараттың жариялануына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды КирТАГ.
Қырғызстанда екі азаматтың көз жұмғаны жөніндегі ақпарат 25 наурыз күні The Asia Times сайтында жарияланған. Бұған қатысты Қырғыстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 344-бабы ("Жалған хабарлама тарату") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотталушының кім екені әзірге нақтыланбаған.
Айта кету керек, бүгінде Қырғызстанның Ош және Джала-Абад қалаларынан тағы 14 вирус жұқтыру жағдайы анықталған. Коноравирус жұқтырғандардың жалпы саны 58-ге жетті. Ешбір кісі өлімі тіркелген жоқ.
Әлем бойынша бүгінгі таңда қайтыс болғандар саны 24 117 болса, вирус жұқтырғандар 537 017-ге артқан.
22 наурыздан бері Қырғызстанның барлық өңіріне төтенше жағдай режимі енгізілген. Ал, Бішкек, Ош, Джалал-Абад және Ош, Джалал-Абад облыстарының үш ауданында қатаң төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай енгізілген аумақтарды Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің басшылығымен комендатура басқарады. Азаматтардың көшеге шығуы мен көлік қозғалысы қатаң шектелген.