Коронавирус: Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер Қостанайға келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 мамырда Қостанай қаласына вахталық әдіспен жұмыс істеген "Теңізшевройл" кәсіпорнының қызметкерлері барады. Олардың бәрі Қостанай облысының тұрғындары.
Келген бетте бұл азаматтардың арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандарды анықтау мақсатында сауалнама, термометрия жүргізілетін болады. Содан соң, олар уақытша оқшаулау орындарға – облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі, ол жерде COVID-19 ауруының болу болмауына терең анализ алу әдісімен тексеру үшін олардан материал алынады. COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда, үй жағдайында карантинді қатаң түрде ұстау қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны қолға берумен, 14 күндік инкубациялық кезеңі аяқталғанға дейін бұл қызметкерлер үй карантиніне жіберіледі.Карантинді сақтау құқық қорғау органдары тарапынан қатаң бақылауда болады. COVID-19-ға зерттеудің оң нәтижелері алынған жағдайда, осы адамдар санаты емдеу мекемесінің инфекциялық бөлімшесіне емделуге жіберіледі. Бұл іс-шара Атырау облысында COVID-19 ауруының өсуіне орай қажетті болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы