Коронавирус: ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚТЖ баспасөз қызметі қызметкерлерінің COVID-19 вирусымен ауырып жатқаны туралы кейбір БАҚ-тарда ақпарат тарағанына байланысты түсініктеме берді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерінің коронавируспен ауырып жатқаны жөніндегі келіп түскен БАҚ сауалдарына келесіні хабарлайды.
Мәскеу – Нұр – Сұлтан және Франкфурт – Нұр – Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде. Бүгінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ коронавируспен ауырғандар жоқ, - делінген хабарламада.Қаңтар айынан бастап, "ҚТЖ" ҰК" АҚ коронавирустың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Достық станциясына дейін Алматы – Үрімші және Нұр – Сұлтан – Үрімші жолаушылар пойыздарының жүру бағыттары қысқарды.
Нұр – Сұлтан қаласы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жолаушылардан немесе қызмет көрсететін персоналдан коронавирус күдігін анықтаған кезде пойыз бригадасы қызметкерлерінің іс-әрекеттері тәртібін регламенттейтін нұсқама әзірленді, - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық өндірушілер халықты етпен 85%-ға қамтамасыз етіп отыр
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы