Коронавирус. Түркістан облысында 3 айда 4,5 мыңға жуық адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің эпидемиологиялық ахуалына күнделікті мониторинг жүргізді. 

Жыл басынан бері облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Сонымен, қаңтар, ақпан айларында індетті жұқтыру деңгейі 58% төмендеген. Наурыз айының бірінші жартысында да тұрақтылық байқалып отыр. 2021 жылдың 1 қаңтарымен - 14 наурыз аралығында өңірде 4 352 адам індетті жұқтырса, соңғы тәулікте - 8 жаңа КВИ жағдайы тіркелген.

Түркістан облысында  9 полимеразды тізбекті реакция (ПТР) зертханалары жұмыс жасайды. Пандемия басталғаннан бері  531 855 адам тексеруден өткен.

Сонымен қатар, облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы тұрақты түрде «жасыл аймақтар» қатарында келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы