Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан келіншек кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурызда WhatsApp мессенджерінің мониторингісі кезінде полицейлер вирус жұқтырған адамдар туралы жалған ақпарат тарату фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.


Аудиожазбада Жезқазған қаласында үш адам коронавирусты жұқтырғаны туралы айтылды. Бұл факт шындыққа сәйкес келмейді. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған құлақтар мен ой-пікірлерге сенбеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне назар салу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, осындай қылмыстарды жасағаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы