Коронавирус: Трамп тест тапсырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка басшысының айтуынша, онда коронавирустың белгілері жоқ, дегенмен бәрібір диагностика жасайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада коронавирусқа тест тапсыруы ықтимал. Бұл туралы ол 13 наурыз күні баспасөз конференция кезінде мәлімдеді.
Иә, солай болуы ықтимал, - деді Трамп журналистің тиісті сұрағына жауап беріп.Дегенмен Трамп мұндай шешімге бразилиялық шенеуніктің қатысы жоқ екенін атап өтті. Трамп кездескен бразилиялық шенеуніктен коронавирус анықталған болатын.
Ол кездесу себебінен емес, себебі мен мұны қандай жағдай болмасын, жасаймын... Жақын арада болу керек, қазір дайындалып жатырмыз, - деп қосты Трамп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұғалімдерге үйден жұмыс істеуге болады – министр
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы