Коронавирус: Ауру белгілерін жылдам анықтайтын тест жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа тест коронавирусты небәрі 30 минут ішінде анықтайды.
Мұны жүзеге асыру үшін шамамен 120$ тұратын портативті жабдық пен әрқайсысы 5 доллардан тұратын мұрын және тамақ тампондарына арналған жолақтар жиынтығы жеткілікті.
Лондондағы Брунель университеті, Ланкастер университеті және Суррей университетінің ғалымдар тобы үйде жасауға болатын коронавирусты анықтауға арналған жаңа ультрафаст тест жасады, деп хабарлады Tech Crunch.
Жаңа технологияны ойлап шығарған авторларының айтуынша, тесттің артықшылығы - вирус антиденелерін емес, вирустық РНҚ-сының бар-жоғын талдай алатынында. Бұл инфекцияны алғашқы белгілер басталғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл үйде коронавирустың бар-жоғын тексеруге болатындығын білдіреді. Диагностикалық құралды смартфонға қосу арқылы пайдаланушы оның нәтижесін зертханаға жіберместен бұрын біле алады, - дейді ғалымдар.
Сынақ Филиппинде тауықтардағы вирусты диагностикалау үшін қолданылған технологияға негізделіп жасалған. Британиялық мамандар оны тек адамға қолдануға болатындай бейімдеп шығарды.
Қазір ғалымдар мұндай сынақтарды жаппай шығаруды жоспарлап отыр. Тест бірнеше апта ішінде қолжетімді болады деген болжам бар. Жаңа тестті қолдану қазіргі уақытта тексерілмеген тұрғындар тобын қамтиды және пандемияның нақты масштабын бағалауға мүмкіндік береді.