15 Желтоқсан 2022 2022, 16:47
Коронавирус тараған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қолданылады
Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәулігіне КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін).
Бүгінгі таңда барлық өңірлер – “жасыл” аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады, — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.