Коронавирус тағы 8 адамның өмірін жалмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 13 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты таратты.
11 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 173 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.Жалпы 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46499, 530 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34118 жетті.
Сонымен қатар 2021 жылдың 13 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат та жарияланды.
ДСМ деректеріне сүйенсек, 13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 524 адам короновирус инфекциясынан (11 673 КВИ+ және 11 851 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 8 науқас қайтыс болды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 267 адамның жағдайы ауыр;
• 58 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19 пандемиясының жаңа толқыны басталуы мүмкін
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы