Коронавирус: Тағы бір науқас жазылды

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін, 27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты. Бұл туралы қалылық Қоғамдық денсаулық басқармасы хабаралады.

Бұл пациент, Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды,-делінген хабарламда.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған. 

Ертең, бақылау талдауы  расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол  қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз,-делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 126 науқас тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы