Коронавирус. Тағы бір адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ақпарат көзі мәлімдеді.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 46-ға жетті.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 35 адам, Шымкент қаласында - 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 37 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 28 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 629 науқас тіркелді.
Қаза болғандар саны 6 адам.