Коронавирус. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны азайды
Елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте індет жұқтырудың 27 жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы күнгі тәуліктік көрсеткіштен 3 есеге төмен.
5 ақпанда 1 571 адам (–1 418+ және 153 КВИ-) СOVID-19-дан емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент – стационарда, 1450 адам – амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• ӨЖЖ аппаратымен тыныстап жатқан науқас жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды
Өзгелердің жаңалығы