Коронавирус. СІМ Таиланд бойынша түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд билігі коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан азаматтарын қабылдамайды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Қазақстандық бірқатар БАҚ-тарда Таиланд билігі коронавирустың таралуы салдарынан 18 елдің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары үшін елге кіру тәртібін қатаңдатты деген ақпаратқа қатысты тай тарапынан ресми ақпарат келіп түспегенін хабарлаймын. Біздің Бангкоктағы Елшілігіміз Таиланд Сыртқы істер министрлігімен байланысып, бұл мәселе тай құзыретті органдарының қарауында жатқанын және аталмыш ережелер өз күшіне енбегенін анықтады. Қандай да бір ақпарат пайда болған жағдайда, біздің дипломаттарға алдын ала хабарлайтын болады - деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таиланд тарапы Қазақстан азаматтарын қабылдамайды деген ақпарат тараған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы