Коронавирус: Шымкенттегі науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 2 жағдай туралы ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

11.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 33 адам анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы