Коронавирус. Шымкентте бір жолда 28 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 28 науқас жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
Вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы барлығына қойылды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам анықталған.