Коронавирустан көз жұмғандар саны 80-нен асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Алматы қаласы - 1964 жылы дүниеге келге ер адам және 1971 жылы туған әйел адам,
Ақтөбе облысы - 1955 жылы туған ер азамат,
Павлодар облысы - 1954 жылы дүниеге келген әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 12
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 6
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 3
Ақтөбе облысы - 1
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы