Коронавирустан көз жұмғандар саны 127-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы - 1967, 1956, 1962 және 1975 жылдары туған ер азаматтар, 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар,
Қостанай облысы - 1949 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 20
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 8
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы