Коронавирус: Сан-Франциско тұрғындарына көшеге шығуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорнияда Сан-Франциско билігі және Сан-Хосе, Беркли, Окленд басшылары дүйсенбі күні карантинге байланысты қатаң шаралар қолданатынын хабарлады. 

Мегаполистің 7 округінің тұрғындарына азық-түлік, дәрі алу немесе аса қажет болған жағдай болмаса көшеге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлады.

Бір сағат күтіп отырсақ та, тарих бізді кешірмейді, - деді Сан-Хосе мэрі Сэм Ликкардо.

Калифорнияның оңтүстігіндегі 13 миллионнан астам халқы бар Лос-Анджелес және Сан-Диего қалаларында мейрамханалар жабылды. Тек тамақты үйге алып кету қызметі істеп тұр.

АҚШ-та 4,6 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 

Қазақстанда 10 адамның коронавируске тесті расталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы