Коронавирус. Сағынтаев Алматыда үшінші толқын басталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.
Меніңше, мұны үшінші толқын деп айтуға болады. Себебі өткен жылғы жазда 275 науқас тіркелсе, бүгін 500-дің үстіне шықты. Жаңа толқын коронавирустың жаңа штаммдарымен байланысты деп ойлаймын. Себебі қала мен ел ашық. Адамдар әлем бойынша кезіп жүр. Жұмыс сапары мен демалысқа барып жүр. Осылайша, елге де келіп жатыр, - деді ол.
Сағынтаев қазір әлем бойынша 120 елде де «британдық» штамм бар екенін айтты.
Бұған дайын болуымыз керек. Барлығымсыз жағдайдың күрделі екенін ескеріп, сақтық шараларын сақтауымыз керек. Соңғы кезде дала мен саябақтарда адамдардың маскасыз жүргенін көріп жүрміз. Иә, түсінемін, көктием, мүмкін адамдар таза ауамен дема алғысы келетін шығар. Бірақ бұлай болмайды. Бұл вирус ешқайда кетпейді. Бүгін дәрі ішіп, ертең жазылып кететін індет емес, - деді ол.
Сағынтаев адамдардың барлығы вакцина ектірмей, иммунитет қатаймайынша, вирус қрши береді.
Мұны тек біз ғана емес, әлем жүзеге асыруы керек. «Сақтансаң, сақтаймын» дейді ғой, - деді әкім.