Коронавирус. Ресейде бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласындағы ауруханада COVID-19 вирусын жұқтырған 79 жастағы әйел қайтыс болды. 

Бұл туралы вирус жағдайын қадағалау және мониторингілеу бойынша оперативті штабқа сітеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл Ресейде аталмыш диагнозбен өмірден өткен алғашқы пациент.

Ақпарат көзінің хабарлауы бойынша, бұған дейін ол жекеменшік клиникада ем-дом алған, коронавирус анықталғаннан кейін №2 инфекциялық ауруханаға ауыстырылған.  Штаб қызметкерлері  пациенттің бірнеше созылмалы дерті болғанын айтады. 

Алайда, хабарламада пациенттің өліміне коноравирустың қатысы бар-жоғы нақты айтылмайды. РФ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сай, 18 наурыздағы мәлімет бойынша Ресейде инфекция жұқтырған 147 адам тіркелген. Олардың бірқатары жазылып шыққан. Мониторингілеу және профилактика аясында 122 мыңнан астам адам тексерілген. 

Бұған дейін, өзге мемлекеттердегідей, Ресейде де аймақтық деңгейде вирустың таралуын тежеуге байланысты түрлі шектеулер қолданылды (негізінен көпшілік шоғырланатын шараларға қатысты). Адам көп жиналатын шараларға шектеу қою ел аумағы бойынша күшіне енуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы