Коронавирус құрбандарының саны 1068 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда бір күнде COVID-2019 коронавирусына шалдыққан 1638 адам тіркелді.

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 1068-ге, ал жұқтырғандардың саны 33 366 адамға жетті. Бір күнде 1638 адам инфекция жұқтырған жағдай тіркелді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау комитеті 12 ақпанда.
2639 науқас сауығып үлгерді. Ресми өлім деңгейі 3,2% құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда төмен.

Бүгінгі таңда коронавирус індетіне шалдыққандар әлемнің 24 елінде тіркелген.

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін бір жарым жылға дейін уақыт кетуі мүмкін екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы