Коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 139 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 2 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 762, 314 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 959 жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 863 науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 140 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы