Коронавирус пен пневмониядан 43 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 6 мамырдағы ақпаратты жариялады.

6 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 253 адам коронавирус инфекциясынан (42 792 КВИ+ және 461 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 780 адамның жағдайы ауыр,
• 195 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 121 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы