Коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 9 мамырдағы ақпаратты жариялады.
9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 798 адамның жағдайы ауыр,
• 190 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы