Коронавирус пен пневмониядан 25 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

23 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 003 адам коронавирус инфекциясынан (34 457 КВИ+ және 546 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

- 12 968 пациент стационарда,

- 21 035 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 744 адамның жағдайы ауыр,

- 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

- 25 науқас індеттен көз жұмды.


Министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 22 мамырдағы мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркелді, 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 54 691, 50 805 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы