Коронавирус пен пневмониядан 19 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 маусымдағы ақпаратты жариялады.
3 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 995 адам коронавирус инфекциясынан (24 351 КВИ+ және 644 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 468 пациент стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 589 адамның жағдайы ауыр,
• 128 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 83 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
1 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 91 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 24 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55477, 920 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51457-ге жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ауыл – ел бесігі»: 15 елді мекенде 18 жоба іске асады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы