Коронавирус: Індет Павлодар облысына да жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 14:20 жағдайға сәйкес, індет жұқтырған тағы 1 адам Павлодар облысында тiркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.
Айта кетейік, коронавирустан елімізде 2 адам жазылған болса, 1 адам қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізді
Өзгелердің жаңалығы