Коронавирус пандемиясы қаржы нарығына қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы, сондай-ақ вакцинацияның баяу қарқыны әлемдік қаржы нарығына әсер етпей қоймаған.

Себебі жаңа штамдар пайда болып, әрі екпе алудың енжарлығы мәжбүрлі түрде қайталанған локдаундарға және жаһандық жеткізілім тізбегінің бұзылуына әкеп соқты. Бұл да әлемдік бағаның өсуіне әкеліп, 2021 жылы дамушы елдер активтерінің серпініне теріс әсер етті. Дамушы елдер акцияларының индексі (MSCI EM) дамыған елдер нарығынан біршама арта қала отырып, бір жылда 4,6%-ға төмендеді, - деп отыр Ұлттық банк өкілі.

Сонымен қатар ол 2021 жылдың басында вакцинациялау процесінің кеңінен өрістеуін күткен инвесторлардың үміттері ақталмады деп отыр.

Былтыр әсіресе, дамушы елдердің нарықтарына қатысты үміттері оптимистік сарында болды. Алайда, жылды қорытындылай келе, бұл оптимизм күткенімізді ақтамады деп қорытынды жасауға болады. Монетарлық және фискалдық қолдаудың теңдессіз шаралары әлемдік экономика өсуінің және қаржы нарықтарының серпінін жақсартудың негізгі қозғаушы күштеріне айналды. Сонымен бірге, бұл шаралар бүкіл әлемде тұрақты және жоғары инфляцияның факторларына айналды, - деді Әлия Молдабекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы