Коронавирус. Өзбекстанда 18 қазақстандық карантинге жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Сеулден Ташкентке ұшып келген Қазақстанның 18  азаматы екі аптаға карантинге жатқызылды. 

Өзбекстан санитарлы эпидемиологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл COVID-2019 вирусын таратпау үшін жасалып жатқан шаралар, деп жазды Курсив басылымы.

Мұндай мәліметті Uzbekistan Airways баспасөз қызметі де растаған. Әуе тасымалымен айналысатын компанияның дерегінше, Сеулден Ташкентке 253 жолаушы жеткізілген. Оның 178-і Өзбекстан азаматы, қалған 75-і шетелдіктер. 22 адам транзитпен басқа елге ұшып кеткен. Республикада қалған өзбекстандықтар мен шетелдіктердің барлығы екі апталық карантинге жатқызылған. 18 Қазақстан азаматымен қоса 20 ресейлік, 2 Қырғызстан, 12 Тәжікстан және 1 Үндістан азаматы да коронавирусқа байланысты оқшауланған.

Бұған дейін Қытайдан ұшып келген жолаушылар екі апталық карантинге жатқызылған, қазіргі уақытта олардың барлығы үйлеріне жіберілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы