Министр коронавирус ошағы – Қытайдан тауар тасымалдау тоқтамағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус тарап жатқан Қытайдан Қазақстанға тауар тасымалдау тоқтамағанын айтты.
Тұтынушыларымызға өтінішіміз бар. Қазіргі уақытта бірқатар тауар сатушылары Қытаймен шекараның жабылғанын айтып, азық-түлік бағасын көтере бастағанын естіп жатырмыз. Осыған орай Қазақстан тауарлар қозғалысының Қытайға және ол жақтан да тоқтамағанын хабарлаймыз. Бұл тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Себепсіз бағаны көтерудің амалы. Тұтынушыларға айтарым, егер сіздер осындай жағдайлардың базарларда және сауда обьектілерінде жөнсіз бағаларды көтерген жағдайларды байқасаңыздар жедел желі арқылы хабарлап айтыңыздар, - дейді Бақыт Сұлтанов.Бұған дейін, бүгін үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 2,1% қайтыс болып, індеттің құрбанына айналғандардың саны 425-ке жетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар "төтенше жағдай" деп жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Бақыт Сұлтанов әкімдерге қатты ашулы
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы