Коронавирус: Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 1146 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 169 адам коронавирус жұқтырған. Бір адам қайтыс болды.

Осылайша 1146 адам вирус жұқтырып, 11 адам коронавирустан қаза тапты. Бұл туралы Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы (KCDC) Бақылау және профилактика жөніндегі орталық хабарлады.

Бұған дейін, Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіпті үшінші деңгейден төртінші "қызыл" деңгейге көтерген болатын.

KCDC деректеріне қарағанда, Тэгу қаласында 134 адам, Кёнсан-Пукто провинциясында 19 адам және елдегі басқа аудандарда коронавирус жаңадан жұқтырған. 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Сонымен Корея Республикасында коронавирустан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті. 

Бұдан бөлек, 16 734 адамның анализі тексеріліп жатыр. Қайтыс болған сегіз адамнан жұқтырған алты адамның жағдайы Чхондо қаласындағы Тнам округтік ауруханасымен байланысты болып отыр. Бұл қала Тэгу қаласына жақын орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы