Коронавирус: Оңтүстік Кореяда қайтыс болғандар саны 35-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте COVID-2019 коронавирусын жұқтырған 438 жағдай тіркелді. 

Осылайша жұқтырғандардың жалпы саны 5766 адамға, қайтыс болғандар саны 35 адамға жетті. Бұл туралы КР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ұйымы (KCDC) хабарлады.

Бұған дейін, 32 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған. Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіп деңгейін ең жоғарғы деңгейге дейін көтерді. Барлық мектеп пен балабақшаларда оқу жылының басталуын 23 наурызға дейін жылжытты.

KCDC деректеріне қарағанда, бейсенбіге қараған түнгі 00.00 сағат бойынша Тэгу қаласында 320 адам, Кёнсан-Пукто провинциясында 87 адам және қалғандары елдің басқа аудандарында коронавирус жұқтырған.

Тәулік ішінде 47 адам жазылған. Осылайша ауруханадан шыққандар саны 88 адамға жетті. 21 810 адамның анализдері талдауға жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы