Коронавирус: Қызылорда облысында 111 адам медициналық бақылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас анықталды. Қазіргі кезде облыста 111 адам медициналық бақылауда. Бұл туралы Қызылорда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова айтты.

28 наурыз күні таңертең Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді. Науқас  жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Эпидемиологтар пациентпен байланыс орнатты,онымен жақын араласқан адамдар анықталды, COVID-19  бар-жоғын тексеретін тест алды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 111 адам медициналық бақылауда, олардың 87-і үй карантинінде, 24-і стационарда жатыр.  Коронавирустың таралмауы үшін қажетті шаралар, соның ішінде дезинфекция жүргізілуде, - деді Әлия Әбдіқайымова. 

Оның айтуынша, облыста эпидемиологиялық және дезинфекциялық екі топ құрылған.

Ауру тіркелген ошақта қорытынды дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында алдын алу шаралары жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың шеңбері - қарым-қатынаста болған 30-ға жуық адам анықталды. Енді оларға іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Жақын және потенциалды қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, 14 күнге стационарға жатқызылады. Біз сақтық шараларын күшейтуіміз керек. Қызылорда облысында үлкен сауда орнында, дүкендер мен минимаркеттерде, адам көп шоғырланатын орындардың бәрінде дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, күніне екі рет жүргізілмек. Көшеге тұрғындар шыққанда міндетті түрде маскамен жүруі керек, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Қызылорда облысының тұрғындарына көшеге мүмкіндігінше сирек шығып, гигиена ережелерін сақтау ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы