Коронавирус. Түркістан облысында бір үйдің 5 адамы ауырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша 2020 жылғы 6 сәуірдегі жағдайға сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 33. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арыстық 2018 жылғы сәби, Кентау қаласының 1982 жылғы, 2003 жылғы, 2005 жылғы тұрғындарынан алынған талдама нәтижелері бойынша олардың вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы Шымкентке Нұр-Сұлтан бағытындағы 076 пойызбен келген жетісайлық азаматшамен байланыста болған науқастардың жақын туыстары, - делінген хабарламада.
Соңғы түскен мәліметке сәйкес 1990 жылғы Жетісай қаласының тұрғыны да коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша Жетісайда - 13, Кентауда - 5, Ордабасыда - 1, Сайрамда - 2, Мақтаралда - 4, Арыста - 6, Сарыағашта - 1 тұрғын індетке шалдыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелдi
Өзгелердің жаңалығы