Коронавирус: Нұр-Сұлтанда тіркелген 7 науқас туралы не белгілі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 сәуірде елордада коронавирус індетін жұқтырған 7 адам тіркелді. Олардың 3-уі коронавирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, бұрын оқшауланған.
Тағы 4 жағдай - екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілерімен стационарлық емделуде болған пациенттер.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада пневмония және ЖРВИ-мен ауырып жатқан науқастар үшін арнайы корпустар ашылды. Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусы пневмониясы бар пациенттерді ғана қабылдайды.
Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылды.
Ал №2 қалалық емхана базасында ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Бұл блоктардың ашылуы инфекцияның таралу қаупін төмендетуге және уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Елордада коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 238 адамды құрайды, оның 37-і емделіп шықты, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы