Коронавирус: Nur Otan біркүндік жалақыларын аударуға мәжбүрлегендерге қатысты шағымға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясына бірқатар облыстан коронавируспен күресу үшін бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыларын аударуға мәжбүрлеген әрекеттерге шағымданған хаттар келіп түсті.
Nur Otan партиясы мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы. Керісінше, дәл қазіргідей қиын жағдайда бастарын қатерге тігіп, алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ, жұмыстарын қашықтан істеуді жалғастырып жатқан мұғалімдерге қолдау көрсету қажет, - делінген партияның баспасөз хабарламасында.
Nur Otan партиясы коронавируспен бірлесіп күресу үшін қаражат жинауға тек ірі бизнес өкілдері ғана шақырылғанын мәлімдеді.
Оның ішінде, көмек қолын созуға өздері ниет білдірген, ең бастысы, оған қаржылай мүмкіндігі барлар ғана жұмылдырылды. Егер сіз жұмыс беруші тарапынан осындай заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, бізге төменде көрсетілген байланыстар арқылы дереу хабарлауыңызды өтінеміз: Call-центр: 8 800 080 44 41, электрондық пошта: komek@nurotan.kz, WhatsApp: 8 700 800 44 41, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы