28 Ақпан 2020 2020, 09:16
Коронавирус: Нигерияда алғашқы науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған алғашқы науқас анықталды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған алғашқы науқас анықталды.
Федеральды денсаулық сақтау министрлігі Нигерияның Лагос штатында коронавирус (COVID-19) жұқтырғанын растады, - деп жазылған ведомствоның Twitter парақшасында.
Нигерия енді Африка елдерінің ішінде коронавирус жұқтырған Алжир мен Египеттен кейінгі үшінші ел болып отыр.