Коронавирус: Мәдениет және спорт министрлігі біркүндік еңбекақыларын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.

Қазір коронавирус індеті дүниежүзін теңселтіп тұр. Талай сындарлы сәттен, қиналған шақтан елдегі ауызбіршілік пен татулықтың арқасында аман-есен шықтық. Бұл сынақтан да мұқалмай, шыңдалып шығармыз! 

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына үндеу жолдап, осындай ауыр кезеңде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынғанын айтты. Барлық қазақстандықтарды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Мәдениет және спорт министрлігі елде қолға алынып жатқан түрлі сақтық, алдын алу шараларына үн қосып, біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударды. Жұмыла көтеріп, талай жүкті жеңілдеткенбіз. Бұл жолы да сондай ауызбіршіліктен айнымайық, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы