Коронавирус: Ұлыбритания қатаң карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-минстрі Борис Джонсон коронавирус індетіне байланысты Ұлыбританияда елеулі шектеулер енгізілгенін жариялады. Джонсонның айтуынша, бұдан былай британдықтардан үйде болу талап етіледі, олар тек төтенше және нақты белгіленген жағдайларда шығады, деп хабарлады ВВС-дің орыстілді қызметі.


Англияда жексенбіден бастап 47-ден 105 жасқа дейінгі 46 адам коронавирустан қайтыс болды, олардың барлығының денсаулығында қосымша проблемалары болған. Шотландия мен Уэльсте төрт адам қайтыс болды. Елде 83 945 коронавирустық сынақ өткізіліп, 6724 инфекция расталды.
Вирустың таралуын баяулату өте маңызды. Осылайша біз ауруханалық көмекке мұқтаж адамдардың санын азайтамыз және денсаулық сақтау жүйесіне жағдайды жеңуге, көп адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береміз, - деді премьер-министр.

Дүйсенбінің кешінен бастап үйден тек азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерді сатып алуға, дене шынықтырумен айналысуға, медициналық себептермен немесе өмірге маңызды деп танылған жұмысқа шығатын болса ғана рұқсат етіледі.

Азық-түлік емес дүкендері жабылады. Екі адамнан артық (егер олар отбасы мүшесі болмаса) жиналатын қоғамдық жиналыстар тоқтатылды.

Полицияға осы ережелерді сақтамағандарға айыппұл салу, сондай-ақ топталған адамдарды таратуды талап ету туралы нұсқау берілді.
Өте қарапайым бұйрық, бүгін кештен бастап сіз үйде болуыңыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені біз аурудың таралуын тоқтатуымыз керек. Сондықтан үйден тек нақты маңызды мақсаттармен шығуға, азық-түлік алу үшін, күніне бір рет физикалық жаттығу, мысалы жүгіру, жаяу жүру немесе велосипед тебу үшін ғана рұқсат. Бірде-бір премьер-министр мұндай шараларды енгізуді қаламас еді. Мен адамдардың өміріне, бизнесіне және жұмысына қаншалықты зиян келтіретінін түсінемін, - деді премьер-министр. 
Джонсонның айтуынша, бұдан былай спорт және ойын алаңдары, діни мекемелер жабылады. Барлық рәсімдер, жерлеу рәсімдерін қоспағанда, соның ішінде үйлену тойлары, шомылдыру рәсімдері тоқтатылады. Джонсон қабылданған шараларды үнемі тексеріп отыруға уәде берді.
 
Премьер-министр бұл шаралардың барлығы соңғы он жылдықтағы ең үлкен қауіпті еңсеру үшін қажет екенін атап айтты.
Бұл вируспен күресуде бүкілхалықтық күш-жігер. Демалу аппараты, реанимация бөлімінде орын, дәрігерлер мен медбикелер жеткіліксіз, - деп атап өтті Борис Джонсон.

Соңғы уақытта Ұлыбритания басқа елдердің үлгісінше, көптеген дүкендердің жабылуын бұйырды, сонымен қатар әлеуметтік оқшаулау талаптарының орындалуын қатаң қадағалайды, өйткені елде адамдар үкіметтің ұсыныстарын елемейді деген қорқыныш бар.
Қарапайым сөзбен айтқанда, егер бір уақытта тым көп адам ауырып қалса, денсаулық сақтау жүйесі бұл мәселені жеңе алмайды, демек, коронавирустың ғана емес, сонымен қатар басқа да аурулардың кесірінен көптеген адамдардың қайтыс болуы мүмкін, - деді Джонсон.

Премьер-министр сонымен қатар барлық шектеу шаралары адамдардың күнделікті өміріне, бизнесіне және жұмысына қандай зиян келтіретінін жақсы түсінетінін және бұл оңай шешім емес екенін айтты.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы