Коронавирус. Лос-Анджелес әуежайы қызметкерінен анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Әуежайда жолаушылардан CoViD-2019 вирусын тексеретін орталықтың екі қызметкері қауіпті вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Екі қызметкер де Қытайдан және өзге елден АҚШ-қа келген жолаушыларды тексерумен айналысқан. Олар 17 наурызға дейін карантинге жатқызылды.
Қазіргі уақытта Калифорния аймағында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізілген. Ол жерде ондаған адам қауіпті вирусты жұқтырса, біреуі көз жұмған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы