Коронавирус. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырды деген қазақстандық анализ тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен осыған дейін COVID-19 вирусын жұқтырды деген азаматымыз коронавирус бар-жоқтығын анықтауға қажетті барлық анализдерді тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.

Бүгін, 2020 жылдың 4 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен осыған дейін COVID-19 вирусын жұқтырды деген азаматымыз коронавирус бар-жоқтығын анықтауға қажетті барлық анализдерді тапсырды. Осылайша, Ауруларды бақылау мен алдын-алу жөніндегі корей орталығының хабарлауынша біздің отандасымыздың анализ нәтижелері вирустың жоқ екенін көрсеткен. Аталған азаматымыз өз тестінің нәтижелерімен таныстырылды - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР СІМ Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген Қазақстан азаматы байланысқа шыққаны туралы хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы