Коронавирус: "Хайп қуған" алматылық 10 күнге қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны метрода әдейі жөтеліп, видео түсіргені үшін "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 10 күнге қамалды. Бұл туралы қала полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Елде коронавирус тіркеліп жатқан кезде 23 жастағы алматылық әлеуметтік желіде видео жариялады. 

Қазір қиын жағдайда Х. есімді азаматтың іс-әрекеті қорлаушылық болып есептеледі. Хайп үшін жас жігіт барлық моральді және этикалық нормаларды мазақ қылды. Сол үшін полиция қызметкерлері оны әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартты, - деп жазды релизде қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен пранк жасаған жігіт 10 күнге қамалған. Сот процесінің алдында жігіт азаматтар алдында кешірім сұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
15 наурыз – Шежіре күні
Өзгелердің жаңалығы