Коронавирус, кет. Марат Омаров АҚШ президентінің алдында өнер көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші-композитор Марат Омаров Нью-Йорк қаласында жеке көнцертін өткізді. Шығармашылық кеш АҚШ-тың 9 штатында ұйымдастырылады деп көзделіп отыр.
Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған "Коронавирус, кет" әнін ағылшын тілінде орындайды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді.
Омаровты Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан. Әнсапар желтоқсанның 28-іне дейін жалғасады. Әнші шетелде жүрсе де қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын. Еліміз әрдайым ынтымақтастықты, достықты қолдайды. Мен сонау Қазақстаннан келіп отырмын. Жаңа ғана Нью-Джерси штатынан Нью-Йоркқа келдім. Жайна, Қазақстан, алға, Қазақстан!, — дейді Марат Омаров.