Коронавирус кесірінен әлемдегі музейлердің 10% жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пен карантин мәдени өмірге айтарлықтай әсер еткені белгілі. Коронавирус кесірінен әлемдегі музейлердің 10% жабылуы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оның зардабы әсіресе музейлерге тиді. Қауіпті індет кесірінен бүгінде музейлердің 10 процентінен астамы жабылуға жақын тұр. ЮНЕСКО келтірген дерек осындай.

Оның мәліметінше, жекеменшік музей саласын алдағы айларда да қиын кезең күтіп тұр.
Өйткені Африка мен Азия елдеріндегі музейлердің төрттен бірі есігін қайта ашпауы мүмкін. Ал әлемге танымал ірі мекемелер жабылмағанымен, олардың коронавирустан келген шығынның орнын толтыруына жылдар қажет болады, - дейді ЮНЕСКО.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы