Коронавирус: Кенияда вакцина орнына су еккен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кениядағы мемлекеттік ауруханалардың медицина қызметкерлері жергілікті тұрғындарға Covid-19 вакцинасының орнына су еккен.
News24-тің жазуынша, Африка елінің тұрғындары елдің COVID-19 вакцинасын жоспарға сәйкес англо-швед фармацевтикалық компаниясы AstraZeneca препаратымен тегін алуға құқылы.
Вакциналау мемлекет аккредиттеген арнайы медициналық орталықтарда жүргізіледі. Алайда дәрі-дәрмектің жетіспеуіне байланысты кейбір дәрігерлер кениялықтарға ақша үшін вакцина ұсына бастаған, ал вакцинаның орнына су енгізген.
Елдің Денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве азаматтарды вакцина үшін төлем жасамауға және тегін дәрі-дәрмек күтпеуге шақырды.
Оның айтуынша, билік алаяқтықтың осындай жағдайларын тергеуді бастаған және қылмыстық іс қозғаған.