Коронавирус: Канардағы қонақүйде Қазақстан азаматы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстанның 372 азаматы Испанияда уақытша және үнемі консулдық тіркеуде тұр.

Канар аралдарының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, қонақүйде екі азаматтан коронавирус анықталған. 

Оны Италияның екі азаматы жұқтырған. Олар да осы қонақүйде демалған. Сондықтан жергілікті билік қонақүйде карантин жариялау туралы шешім шығарған. Канар аралдарының Денсаулық сақтау қызметі директорының ауызша ақпаратына қарағанда қонақүйде демалып жатқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Біздің консул Испания сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хат жолдады. Қалай жауап береді, солай хабарлаймыз. Бүгінде Испанияда коронавирус жұқтырған 10-нан астам жағдай тіркелді. Қазақстанның Испаниядағы елшілігіндегі консулдық үнемі тіркеуде Қазақстанның 65 азаматы тіркелген, 307 адам уақытша тіркеуде тұр, - деді СІМ баспасөз хатшысы Смадияров брифинг барысында.
Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадьяров бірқатар ақпаратқа қатысты пікірін білдіріп, шетелде жүрген қазақстандықтарға қатысты мәліметтерімен бөлісті. Атап айтқанда, Кореяда Қазақстаннан 35 мың адам бар екенін, оның 12 мыңға жуығы заңсыз жүргенін, сонымен қатар Ирандағы қазақстандықтар туралы да айтып берді.

Бұдан бөлек, Оңтүстің Кореяның Пусан қаласында ауырып, қайтыс болған Қазақстан азаматшасына қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясындағы ҚР елшілігімен және Бахрейннің құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып, Бахрейнде сексуалды құлдықта болған 21 қыздың елге оралуына көмек көрсеткендері туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы